313
қтөбе облысының Әйтеке би ауданының
оңтүстік-шығыс жағында, Батыс және
Орталық Қазақстанның табиғи шекарасын-
да, Арал-Каспий және Сарыарқа сияқты екі
үлкен тарихи-мәдени аймақтардың түйіскен
жерінде орналасқан. Өлкеяқ, Қабырға және Торғай өзендері
алабындағы шағын ғана жазық 2,5 ғасыр бойы өзінің ғажап
жұмбақ сырының арқасында өз еліміздің ішіндегі де, алыс
шет елдердегі де көне ескерткіштерге құмар адамдардың
барлығына белгілі. ХVІІІ ғ. ортасынан бастап бұл жер Еуразия
құрлығының географиялық карталарында қазақ даласындағы
атақты билеушілердің бірі – Кіші жүз ханы, кейінірек
қазақтың бас ханы болған Әбілқайырдың (1710–1748) жер-
ленген жері ретінде белгіленіп келген. Сол кезден бастап
және өткен ХХ ғ. екінші жартысына дейін осы хан зираты
кең байтақ Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі және Азияның
Қазақстанмен шекаралас елдеріндегі дала қазақтарының
тағзым ететін жері болған. Олардың бәрін бұл молаға тартып
тұрған нәрсе қазақ халқының ХVІІІ ғ. өмір сүрген ең ардақты
ұлдарының бірінің мүрдесіне бас ию мақсаты ғана емес, со-
нымен қатар бірден көзге түспейтін мола қасындағы өсіп
тұрған үлкен жалғыз «қасиетті» ағаштан 200 жылдай бойы
түн сайын көрініп тұратын сәулелер еді.
Әбілқайыр хан билік жүргізген кезі қазақ халқының
есінде өз мемлекеттілігі жолында арпалысымен қалды.
Қазақтың халықтық аңыздарында Әбілқайыр хан осы
дәуірдің ең көрнекті қайраткер тұлғасы.
Шыңғыс тұқымы болғанымен, жұртшылыққа аса та-
ныс емес сұлтан әулетінен тұқымынан шыққан ол билікке
ертеден араласып, кейін хан дәрежесіне көтерілді, бұл
одан гөрі тектірек, бай, мықты рулардан шыққан қазақ
ішіндегі Жошы ұрпақтарының қолынан келмеген нәрсе.
Әбілқайырды тіпті башқұрт билеушілері екі рет хан тағына
А
ебольшая равнинная местность бассейнов рек
Олкейяк, Кабырга и Торгай, расположенная в
юго-восточной части Айтекебийского района
Актюбинской области, на естественной гра-
нице Западного и Центрального Казахстана,
на стыке двух крупных историко-культурных областей – Ара-
ло-Каспия и Сарыарки – на протяжении двух с половиной
веков окутана своеобразной мистической аурой и широко
известна всем любителям седой старины как внутри нашей
страны, так и далеко за ее пределами. Начиная с середины
Н
Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр (1710–1748)
ханға қойылған ескерткіш
Памятник хану Абулхаиру (1710–1748) в городе Актюбинске
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
27. Некрополь Хан Моласы
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
27. Хан моласы
I...,303,304,305,306,307,308,309,310,311,312 314,315,316,317,318,319,320,321,322,323,...586