101
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
62. Могильник Бесшатыр
Бесшатыр қорымы. Біздің заманымызға дейінгі V–IV ғасырлар.
Қорғанның сызбасы мен қималары
Могильник Бесшатыр. V–IV века до нашей эры.
Планы и разрезы курганов
Үлкен Бесшатыр қорғаны. Біздің заманымызға дейінгі
V–IV ғасырлар. Қималар
Большой Бесшатырский курган.
V–IV века до нашей эры. Разрезы
салт-жорасынан кейін бөлмеге кіру дәлізден бастап төбеге
дейін тастан қалап шығарылған есік арқылы жасалғанға
ұқсайды. Тек осыдан кейін ғана жерлеу құрылысының үстіне
тас пен шағыл араласқан үйінді тұрғызылған.
Мұндай құрылыс үлкен қорғандар тобының оңтүстік
жағындағы ең шеткі Алтыншы қорғаннан да кездесті. Оның
үйіндісі тастан тұрғызылған. Оның астында ерте кездегі
жер бетінен екі метр тереңдікте жер асты жолы болған. Ол
табиғи жердің өзінен қазылып, негізгі бағыттаушы есік пен
бүйір бөліктерге алып барады. Қабырғаның көптеген жеріне
шағындау текшелер жасалған және ондағы ыстың іздері жер
асты жолын қазғанда ол жерлерге май шамдар қойғанын
дәлелдейді. Бүйір бөліктерден жануарлар сүйегі – құрбандық
қалдықтары табылды. Негізгі кірер есікке дейінгі бүйір
бөліктерді қосып есептегенде жер асты жолының жалпы
ұзындығы – 55 м.
Қорғанды қазу кезінде жерлеу құрылысының 14 жаңа
типі ашылды, олардың қабырғалары негізінен шағыл аралас
топырақтан тұрғызылған. Төбесін жабу үшін қабырғаның
үстіне үш бөрене жатқызылған, екеуі – тяньшандық шырша,
біреуі – жиде. Оның үстіне күмбез-жабынды жасаған – тас
пен бұта және сексеуіл бүрлерін кезектестіре біртіндеп та-
рылта отырып он алты қатар етіп қалап шығу арқылы жапқан.
Жерлеу орны (мазар) шаршы формалы болып, күмбез тәрізді
дөңгелек төбемен жабылған. Мазардың шығыс бетінде есігі
бар. Оның екі жақтауына қос-қостан жерді қазып тіктеп
орнатылған бағана тұрғызылды. Қос бөрене бір-біріне
тесіктері арқылы өткізілген қазықтармен ұстатылған және
беріктігін арттыру үшін әр жерінен жуан ши арқандармен
қысып байланған. Бөренелердің жоғарғы ұштарының үстіне
маңдайша ретінде ши арқанмен байланған екі қабат қамыс
жатқызылған. Жалпы, бұл бейіт-қорғанның киіз үй тәрізді мо-
ласына ұқсас ескерткіштер жоқ.
Бесшатырға тән уақыт мерзімі кіші қорғандардың
бірінен шыққан олжалар бойынша белгіленді. Оның
үйіндісінің астындағы үлкен жерлеу шұңқырында екі
өліктің қаңқасы болды. Олар бастарын батысқа беріп, со-
зыла түсіп шалқасынан жатты. Әрқайсысының оң жағында
көбелек тәрізді жабынымен темір қанжарлар, сол жағында
қола ұштықты жебелер салынған қорамсақтар болды.
Қорамсақтарда барлығы кидірмелі ұштықтары бар он екі
типті 50 жебе болды. Солтүстік жақтағы қаңқа сүйектен
солға қарай жауынгердің қолдарын соққыдан қорғайтын
қаңылтыр, шағындау ағаш қалқанның қалдығы жатты.
Оның белінен темір айылбас табылды. Сүйектердің арасы-
I...,91,92,93,94,95,96,97,98,99,100 102,103,104,105,106,107,108,109,110,111,...730