107
Шанқанай ауылы
Аул Шанханай
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
63. Мемориальный комплекс Чокана Валиханова «Алтынемель»
оқан Уәлиханов «Алтынемел» мемориалдық
кешенінің құрамында өмірден ерте кеткен
аса көрнекті қазақ ғалымы әрі ағартушысы
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (1835–
1865) зираты, ескерткіші және оның
құрметіне арнап тұрғызылған мұражай кіреді. Мұражай
ғимараты (1985) экспозициялық залдар орналасқан
тікбұрышты, екі қабатты екі павильоннан тұрады. Оның
қасбеті дәстүрлі қазақ мемориалдық сәулетімен байланы-
сты шешім тапқан. Басты зал дүниені үш деңгейге (өлгендер
дүниесі, тірілер дүниесі, жаратушылар дүниесі) мүшелеп
бөлу, сондай-ақ Дүниенің орталық өсі (Темірқазық) идея-
сы жөніндегі қазақтың халықтық түсінігін символдық түрде
көрсетеді. Мұражайдың іші Шоқан Уәлихановтың өмірі мен
қызметін баяндайтын жәдігерлермен жабдықталған. Мемори-
алды кешен жобасының авторлары, сәулетшілер Б. А. Ыбыраев,
С. И. Рүстембеков, Р. А. Сейдалин, инженерлер А. П. Котов, А.
И. Гусев, суретші А. К. Ермекбаева.
Мұражай ғимаратының оңтүстік қапталындағы
биік төбенің үстінде Шоқан ескерткіші тұр. Бұл – ғалым-
саяхатшының ұзына бойымен биіктігі алты метрлік
әскери мундирде бейнеленген, қолына кітап ұстаған, беті
ауыл орталығына қараған мүсіні (мүсінші И. Рукавиш-
ников, 1979). Басы сәл жоғары көтерілген, өз Отанының
болашағына көз жібергендей алысқа байыппен қарап
тұрған кейіпте. Уәлихановтың мүсіні күлгін түсті гранит-
пен қапталған, биіктігі үш метрлік тікбұрышты тұғырдың
үстіне орнатылған. Ескерткіш көгілдір аспан фонына
салынған сурет тәрізді жерден жоғарыда асқақтап көрінеді.
Ауыл жақтан төбенің басына екі қарау алаңқайы бар алып
саты жетелейді (1979). Мұражай алдындағы алаң мен төбе
жасанды су айдынымен бөлінген, оның үстімен өрнекті
қоршауы бар көпір өтеді.
Ш
емориальный комплекс Чокана Валиханова
«Алтынэмель» включает в себя могилу рано
ушедшего из жизни выдающегося казахского
ученого и просветителя Чокана Чингисовича
Валиханова (1835–1865), скульптурный па-
мятник и созданный в честь него музей. Здание музея (1985)
представляет собой композицию из двух прямоугольных двух-
этажных павильонов, где размещены экспозиционные залы.
Решение его фасадов связано с традиционной казахской ме-
мориальной архитектурой. Главный зал отражает в символи-
ческой форме казахские народные представления о членении
мира на три уровня (мир умерших, мир живых и мир богов),
а также идею центральной оси Мира (Темир казык). Внутри
музея развернута экспозиция, рассказывающая о жизни и де-
ятельности Чокана Валиханова. Авторы проекта мемориаль-
ного комплекса архитекторы Б. А. Ибраев, С. И. Рустембеков,
Р. А. Сейдалин, инженеры А. П. Котов, А. И. Гусев, художник А.
К. Ермекбаева.
М
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
53. Қалмаққырған тарихи орыны
63. «Алтынемел» – Шоқан Уәлиханов мемориалдық кешені
I...,97,98,99,100,101,102,103,104,105,106 108,109,110,111,112,113,114,115,116,117,...730