141
Ойрат көші. Маньчжурлық чиновник Мин Фу жазған
«Сиюй туцэ» кітабынан алынған сурет. 1795 жыл
Ойратское кочевье. Иллюстрация из книги «Сиюй туцэ»,
написанной маньчжурским чиновником Мин Фу. 1795 год
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
65. Памятники урги Джунгарского ханства
Соңғы жоңғар ханы – Даваци (1732–1759).
XVIII ғасырдың ортасындағы портрет
Последний джунгарский хан Даваци (1732–1759).
Портрет середины XVIII века
жазғы қыстақтардың көбі Қазақстан Республикасындағы
Алматы облысының аумағында орналасқан болатын.
Орналасқан жері және табиғи-климаттық жағ-
дайлары бойынша «үлкен урганың» орналасқан жаңа ау-
даны ойраттардың жоғарғы билеушілерінің бұрынғы
маусымдық ордаларының бәрімен салыстырғанда жақсы
жағынан ерекшеленетін және мұнда біршама кіші жайылым
алқабының шегінде жыл бойы көшуге мүмкіндік беретін.
Осынау Солтүстік Тянь-Шань биік таулы жерінің табиғи
ландшафтын суреттеген кезде орыс саяхатшысы және
зерттеушісі Я. П. Гавердовский (1770/1773–1812) ойрат
ақсүйектерінің басты көшпелі тұрағының географиялық
жағдайы ыңғайлылығына былай деп баға берген:
«Көшпенділер осы жерді жазғы көш үшін өте қолайлы жер
деп бекер таңдамаған! Шыңғыс ұрпағы мен жоңғар хандары
тамаша жолдардан ләззат алу үшін сарайларын киіз үйлерге
бекер айырбастамаған!»
Урга көш бағытының сипаттамасы жоңғар басқару-
шылары ордасына жіберілген орыс елшілері капитан И. А. Ун-
ковскийдің 1722–1724 жж. және майор Л. Д. Угримовтың
1732–1734 жж. жазбаларында сақталған. Қыс кезінде Сыбан-
Рабданның, содан кейін оның ізбасары Қалдан-Сереннің
ургасы әдетте қарашадан наурыздың аяғына дейін Қорғас
ағысымен төмен қарай және Іленің сол жағымен Керец-
кий өткелінен (қазіргі Добын өткелі), оған Шарынның сол
жақ тармағы құйылған жерге және ШҰАА аумағындағы
Қожыгер шатқалына дейін көшіп жүрген. Содан кейін хан
үйелмені Шарынның оң жағымен жоғары қарай Темірлік
өзеніне дейін көктемгі көшуге бет алатын; көш сәуір айы-
нан басталып, мамырдың аяғына дейін, айналадағы тау
қары еріген кезге дейін жалғасатын. Жаз шыға Урга тау
шатқалдарына, Ұзынқара (Кетпен) жотасының оңтүстік
және оңтүстік-шығыс баурайына, Кеген, Қарқара, Түп,
Жерғалан, Зергес, Текес, Сүмбе (Албан-Шібір, Албанаш-
ба) және Нарынқол өзендерінің алқабына, сондай-ақ
Халықтау тауларындағы Мұзарт асуының солтүстік бау-
райына көшіп, мамырдың аяғынан тамыздың аяғына дейін
отыратын. Бұл ауданда қыркүйек айында түсетін қалың
күзде Текес және Іле өзендерінің бойымен Қорғас өзеніне
дейін қысқы жайылымға көшу басталатын, оның жоғарғы
жағында қарашаның басында шоростардың басқарушы
ағайындарының жыл бойғы көші аяқталатын.
Осы хан ордаларының бәріне көшпелі киіз үйлердің
көптеген түрі кірді. Онда ханның өзі, әйелдері мен балалары,
сондай-ақ, шоростардың басқарушы ағайындарына жақын