248
кеуде белгі қалды. Шайқаста қоқандық басшылар ерлікпен
шайқасты. Алты бесжүздік басы, он жүзбасы майдан даласын-
да қалды».
Осы шайқас арқылы Қоқан хандығының күш-қуаты
шайқалып, Жетісу біржола Ресейге қосылды.
Ұзынағаш шайқасында қаза тапқан батырлардың
бейіті басына қойылған алғашқы ескерткіші қандай
болғаны туралы мәлімет мұрағаттық және әдебиет де-
рек көздерінен ұшыраспады. Тек қана 1870-ші жж. төбе
беткейіндегі ескерткіштің айналасына бақ отырғызылған
болатын. Одан құлжалық алма, алмұрт, өрік, шие, жүзім,
сондай-ақ теректер мен қарағаштар өсіп шыққан. 1885 ж.
инженерлер Б. Родзиевич пен Гринцевич, құрылысшы
Л. Калинин верныйлық көпес Никита Пугасовтың жеке
өзінің және қоғамдық қайырылымдық көрсетушілердің
қаржысына көне ескерткіштің орнына Ташкент және
Түркістан епископы Неофриттің өзі дұға бағыштаған шағын
жаңа ескерткіш орнатты. Бірақ ескерткіш бар болғаны екі
жыл тұрып, 1887 ж. 28 мамырда қатты жер сілкінісінен
қирап қалды. Қауіпсіздік мақсатында 1901 ж. оның үйіндісін
біржолата сырып тастады. 1904 ж. 5 қазанда сәулетшілер С. К.
Тропаревский мен А. И. Гогеннің жобасы бойынша гранит
ескерткіш орнатылды. Мердігер верныйлық мещан Ф. Рад-
ченко болды, тікелей құрылыс жұмысымен С. К. Тропарев-
ский айналысты. Сәулеттік қадағалауды облыстық инженер
А. П. Зенковтың өзі жүргізді. 1905 ж. 1 тамызда Ұзынағаш
шайқасының құрметіне арналған ескерткіш салтанатты
түрде ашылды.
1921 ж. 8 маусымда Жетісуда жаңа революциялық ме-
реке – «Қосшы одақ» батрактарының кәсіподақ күні кеңінен
атап өтілді. Ұзынағашта салтанатты шеру өткізілді, дәстүрлі ат
жарысы – бәйге болды. Мерекенің шарықтау шегі қоқандық
әскерді жеңу құрметіне арналған обелиск пен бауырлас-
тар бейіті маңайындағы кішкене шіркеудің қалдықтарын
қиратумен басталды. Обелисктің қырларындағы естелік
«1860 жылғы 21 қазандағы Ұзынағаш шайқасын еске алатын
ескерткіш» инженер А. П. Зенковтың жазбасынан. 1909 жыл
Записка инженера А. П. Зенкова
«Памятник в воспоминание Узунагачской битвы
21 октября 1860 года». 1909 год
Орыс қаруының сүңгісі. ХІХ ғасырдың екінші жартысы. Карақастек ауылындағы Ұзынағаш шайқасы өткен даладан табылды
Штык русского ружья. Вторая половина XIX века. Найден на поле Узынагашского сражения у аула Каракастек
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындары атласы
1. Кенді Алтай
ның атласы
73. Ұзынағаш шайқасының ескерткіші
I...,238,239,240,241,242,243,244,245,246,247 249,250,251,252,253,254,255,256,257,258,...730