253
өрнекті қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың
(1846–1945) әдеби-мемориалдық мұражайы
Алматы облысы Жамбыл ауданының Жамбыл
ауылында орналасқан. Бұл жерде, Шу өзенінің
төменгі сағасында, Алатау тауының етегінде
қазақтың осы суырып салма ақыны шыққан
дулат тайпасының көктемгі жайылымдары мен егістері бар.
Ол Жамбыл тауының етегінде дүниеге келгендіктен, есімі де
солай қойылған. Анасы Ұлдан мен ағасы Қанадинның дарын-
ды әнші, өнерпаздығының арқасында ол он екі жасында дом-
быра тартуды үйренді. «Қолыма домбыра тигенде, еркелігім
жайына қалатын, – деп еске алатын Жамбыл, – маған
сыңғырлап тұрған домбыра емес, жүрегім сияқты сезілетін».
Жамбыл 14 жасында өз бетімен үйді-үйді аралап, жарапазан
айтты.
Жамбыл он беске толғанда, белгілі ақын Сүйінбай
Аронұлының ауылына келеді. Сүйінбайдың шәкірті бо-
лып, оның үздік шығармаларын үйренді, ұстазының тәлім-
тәрбиесін алған ол өсе келе бүкіл халық мойындаған танымал
ақын ретінде қалыптасты. Ол дәл осы кезде орындаушылық
өнерде, сондай-ақ айтыстарда суырып салмалық
ақындығымен көзге түсті. Айтыс дегеніміз – ақындардың
халық алдындағы жыр тартысы. Оған қатысушы ақын су-
ырып салмалық қабілетімен қатар халық жырлары мен ел
өміріндегі ерекше оқиғаларды терең түйсінуі, өз жанынан
шығарған жырларында оны көркем тілмен жеткізе білуі
қажет.
Жамбыл айтыстарға қатыса жүріп, қазақ халқының
ерлігін, батырлығын, батылдығын, оның шындық пен
әділдікке деген талпынысын жырлады. Заманның өзекті
мәселелерін қозғап, дәстүрлі жыр айтысына өткір әлеуметтік
үн қосты. «Менің өмірім» атты ғұмырнамалық поэмасында:
«Он жеті жасымда сауық-сайран, кездесулердің жарқыраған
К
итературно-мемориальный музей выдаю-
щегося казахского акына Жамбыла Жабаева
(1846–1945) находится в селе Жамбыл Жам-
былского района Алматинской области. Здесь
же, в низовье реки Чу, под горами Алатау, рас-
полагались весенние пастбища и посевы ка-
захского племени дулат, к которому принадлежал этот поэт-
импровизатор и певец. Родился он у подножия горыЖамбыл,
по имени которой и был назван. Отец его был скотоводом-
кочевником. Вырос Жамбыл в юрте и вместе с семьей пере-
езжал с кочевья на кочевье. Благодаря своей матери Улдан
и дяде Канадину – одаренным певцам и музыкантам – он
двенадцати лет от роду научился игре на домбре. «Когда ин-
Л
Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражай-үйі.
Орталық саяжол
Литературно-мемориальный дом-музей Жамбыла Жабаева.
Центральная аллея
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
74. Музей Жамбыла Жабаева
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
53. Қалмаққырған тарихи орыны
74. Жамб л Жабаев мұражай
I...,243,244,245,246,247,248,249,250,251,252 254,255,256,257,258,259,260,261,262,263,...730