287
қарауыл орындары көлеміне қарай кіші, орта және үлкен
орындар болып бөлінген.
Олар бір-біріне жақын орналасқан бірнеше қорғаныс
ғимараттардан және жылжымалы тұрғын үйлер – киіз
үйлерден, ал сусыз жерлерде арнайы суландыру жүйелерінен
тұратын стационарлық тұрғын кешендерді құрайды. Осындай
шекаралық қарауыл бекіністерде тұрақты әскери қызметте
400-ден 2000–5000-ға дейін қарулы ойраттар тұрды.
Жоңғар қарауылдарының Батыс Жетісу өңіріне
келуінің айқын да анық іздері халықтық тарихи топонимдерде
«Қарауылтөбе» және «Қалмақтөбе» деген аттармен сақталған.
Қазақ-жоңғар соғысының іздері осы өлкенің қазіргі кездегі
бірқатар кішігірім таулары, шоқылары, шатқалдары, кішігірім
өзендері мен жеке тұрған төбелерінің топонимикалық но-
менклатурасында сақталған. Аңырақай шатқалының ба-
тыс және оңтүстік-шығыс шекарасында жоңғар бекіністері
болғандығына Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның географиялық
кеңістігінде қолайлы стратегиялық жағдайды иемденген
«Қарауыл» деп аталатын шоқылар мен таулар орналасқан
жерлердегі тастан қаланған мөлшері әртүрлі төртбұрышты
құрылымдардың қалдықтары дәлел бола алады.
XVIII ғ. 30–40-шы жж. Орал өңірінен Шу-Іле өңірі
арқылы Жоңғарияға сапар шеккен орыс саяхатшысы Карл
Миллердің жазбасы бойынша, ең алдыңғы шептегі жоңғар
қарауыл форпосты Хантау жотасындағы Сұнқар таудың
етегінде орналасқан. Өткен заманда Мұзбел деп аталған
оның етегінің үш жағында қабырғалары тастан қаланған
бес төртбұрышты төрткүлдің қирандылары сақталған.
ХVІІІ ғ. бірінші жартысында Батыс Жетісу аймағының Талас
өзенінен Іле алабына дейінгі аймақта ойраттардың 19 қарауыл
пункті орналасқан. Оңтүстік-шығыс шекарадағы ең ірі
жоңғар қарауылы Аңырақай шатқалындағы XVIII ғ. алғашқы
ширегіне жататын, 1653–1666 жж. белгілі ойрат нояны
Галдамба салдырған – Қалмақтөбе бекінісі «Бескөл» деп
аталатын батпақты үлкен сортаңның қасындағы тегіс жер-
де салынған. Стратегиялық жағынан тиімді географиялық
жағдайда тұрған ол қазақ әскери жасақтарының жоңғар
ханының ордасына солтүстіктен баратын жолын бөгеген.
Бұл жерде 1728–1730 жж. жоңғар дзангин қарауыл қызметін
Жоңғар хандығының билеушісі Қалдан Сереннің (1727–
1745) күйеу баласы, тәжірибелі жоңғар қолбасшысы Лацзан
Серен басқарды. Оның қол астында бес мыңнан астам жасақ
болды. Осы жоңғар әскери басшысының әскерімен қазақтың
үш жүзінің жасақтарына 1730 ж. ұрыс даласында бетпе-бет
келуіне тура келді.
гор и сопок с названием «Караул», обычно занимавших вы-
годное стратегическое положение в географическом про-
странстве Юго-Восточного Казахстана.
По описаниюроссийского путешественника 30–40-х гг.
XVIII в. Карла Миллера – первого европейца, совершивше-
го поездку из Приуралья в Джунгарию через Чу-Илийский
район, самый передовой в то время джунгарский караульный
форпост находился в горном хребте Хантау у подножия вы-
сокой горы Сункар, именовавшейся в прошлом Музбель, где
в наше время сохранились развалины отдельных каменных
строений прямоугольной формы, или торткулей. Всего на
территории Западного Семиречья, от реки Талас до бассейна
Или в первой половине XVIII в. находилось не менее 19 кара-
ульных пунктов ойратов. Самым крупным джунгарским кара-
улом на юго-восточной границе урочища Аныракай являлось
в первой трети XVIII в. укрепление Калмактобе, построенное
в 1653–1666 гг. знаменитым ойратским нойоном Галдам-
бой (1635–1667) на открытой равнинной местности у боль-
шого болотистого солончака с выразительным названием
«Бесколь» («пять озер»). Оно занимало стратегически выгод-
ное географическое положение, преграждая с северо-запада
путь казахским воинским отрядам к ханской ставке джунгар.
В 1728–1730 гг. караульную службу джунгарских дзангинов
здесь возглавлял опытный джунгарский полководец Лацзан-
Цэрен – зять правителя Джунгарского ханства Галдан-Цэре-
на (1727–1745). Под его командованием находился крупный
воинский отряд ойратов численностью более 5 тыс. человек.
С войсками этого джунгарского военачальника казахскому
народному ополчению трех жузов в 1730 г. пришлось стол-
кнуться лицом к лицу на поле боя.
В наше время от бывшего джунгарского укрепления
сохранились руины квадратного в плане сырцового фор-
Ойрат жауынгері. Суретші Дж. Кастильони.
XVIII ғасырдың ортасы
Ойратский воин. Художник Дж. Кастильони. Середина XVIII века
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
76. Историческая местность Анырак