387
ұлан қалашығы VIII ғ. алғашқы жартысындағы
жазба деректерден белгілі. Қытайлық Сюань
Цзанның жолжазбасында және Тан әулетінің
тарихында бұл қалашық Цзюй-лань деп ата-
лады. VIII–X ғғ. ол туралы Ұлы Жібек жолы
бойындағы қалаларды сипаттап жазған араб
авторлары мәлімет берді. Географтар ибн Хордадбек пен
Құдама Құланды Тараздан батысқа қарай он төрт фарсах-
та орналасқан деп жазады. Құдама былай дейді: «…Тараз бен
Құланның арасын солтүстік жағынан құм басып жатыр, одан
әрі қарай құмды, шағылды сұрқай дала». Х ғ. араб геогра-
фы әл Мақдиси Құланды «бекіністі қала» ретінде сипаттап,
онда «күмбезді мешіт» бар және «қазірдің өзінде-ақ босап
қалған бұл қалашық Таразға барар жолда жатыр» дейді. XIII
ғ. географиялық сөздіктің авторы Якут: « Құлан – түріктер
елінің шекарасындағы сәнді қала» деп сипаттайды.
Ескі дереккөздерге қарағанда ортағасырлық екі
қаланың ортасында орналасқан бұл қалашықтың орнын та-
бу қиын болған жоқ. Құланның батыс жағында қазіргі Тараз
қаласы, шығыс жағында қазірге дейін өз атын сақтап келген
Меркі қаласы жатыр. Сондықтан Луговой ауылына жақын
маңдағы үйінді Құлан қалашығы болуы мүмкін деген В. В. Бар-
тольдтың сөзі расқа шықты деуге болады.
Ауданы 30 шаршы метр қалашық қорғанына стра-
тиграфиялық қазба жұмысы жүргізіліп, 4,5 м тереңдікке
дейінгі мәдени қабаты қазылды. Шурф қабырғасы әр кезде
жүргізілген үш құрылыстың ізін байқауға мүмкіндік берді.
Төменгі көкжиектен алынған материалдар алғаш, VII–VIII ғғ.,
мұнда құрылыс қабырғалары шикі кесектен қаланғанын
анықтауға мүмкіндік берді. Мүмкін, ол қамал болған болар.
Оның салыну мерзімі VII–VIII ғғ. оңтүстік-батыс Жетісуға
тән құрылыс техникаларының ерекшеліктеріне сай келеді.
Бұл сияқты, мәселен, Ақбешім көне қалашығында будда
Қ
ород Кулан известен в письменных источни-
ках первой половины VIII в. В маршрутнике
китайского паломника Сюань Цзана и в исто-
рии династии Тан он упомянут как Цзюй-лань.
В VIII–X вв. о нем сообщают арабские авто-
ры, описывающие города на трассе Великого
Шелкового пути. Географы Ибн Хордадбех и Кудама помеща-
ют Кулан в четырнадцати фарсахах западнее Тараза. Вот что
говорит Кудама: «...песок между Таразом и Куланом с север-
ной стороны, а за ним пустыня из песка и гальки, а в ней
– ехидны». Арабский географ X в. ал-Макдиси характеризует
Кулан как «укрепленный город», в котором есть «соборная
мечеть» и который «уже опустел. Он на большой таразской
дороге». Автор географического словаря XIII в. Якут отмечает:
«Кулан – приятный городок на границе страны тюрков, со
стороны Мавераннахра».
Г
Құлан қалашығы. VI–XIII ғасырдың басы.
Орталық дөңестің жалпы көрінісі
Городище Кулан. VI – начало XIII века.
Общий вид центрального бугра
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
84. Городище Кул н
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
53. Қалмаққырған тарихи орыны
84. Құлан қалашығ
I...,377,378,379,380,381,382,383,384,385,386 388,389,390,391,392,393,394,395,396,397,...730