287
«Мен бала оқыту ісіне құлшына кірістім – деп жазады ол, –
менің жанымды рақатқа бөлегені сонша, осы үш ай уақыт
ішінде балалар орысша және татарша оқитын, тіпті жазатын
болды». Алтынсариннің педагогикалық көзқарастарының
қалыптасуына Ресейдің алдыңғы қатарлы ойшылдары Л. Н. Тол-
стой, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, т. б. педагогикалық
идеялары әсерін тигізді.
1860–1879 жж. Алтынсарин педагогикалық қыз-
метімен қатар Торғай уездік басқармасының іс-қағаздарын
жүргізді және Торғай уездік сотының және Торғай уезі
бастығының аға көмекшісі міндетін атқарды.
1879 ж. 1 қыркүйекте Орынбор оқу округінің
қолдауымен ол Торғай облысындағы халықтық училищенің
инспекторы болып тағайындалды.
Ыбырай Алтынсариннің аса зор тарихи еңбегі –
оның ынта-жігерлі бастамасымен және өзінің тікелей
қатысуымен Қазақстанда халықтық білім беру жүйесі жа-
салды. Ол осы мектептерде қазақ тілін оқытуды қолға алып,
білім жүйесінегі орыстандыруға және мұсылман дінінің
ықпалына қарсы күресті. «Біздің үлесімізге, – деп жазды
ол, – ең ауыр да жауапты уақыт кезең тиіп отыр, бәрін де
қайта жасау керек, осы жаңа істерімізбен ді қараңғы ортаға
жарық түсіруіміз керек, оған біздің күшіміз бен ақылымыз
жетер ме… Міне, мен қалың көпшіліктен, әртүрлі қоғамдық,
уездік және облыстық билік өкілдерінен ақша сұрап дала
кезіп жүрмін». Алтынсарин Елек, Николаевский, Торғай,
Ырғыз уездерінде екі сыныпты орысша-қазақша учили-
щелер ашты және оларды оқушылармен, оқытушылармен
жасақтады. Ол бұл өлкедегі балаларға кәсіптік білім бе-
ру ісіне зор көңіл бөлді. Оның күш салуының арқасында
Торғай қаласында қолөнер училищесі ашылды. Өмірінің
соңында өзіне тиесілі жерге Қостанай ауыл шаруашылығы
мектебін салуды өсиеті етті.
Ыбырай Алтынсарин сондай-ақ Қазақстанда
қыздарға білім берудің негізін қалады. Ырғыз қаласында
қазақ қыздары үшін интернаты бар арнаулы мектеп
ашты. Торғай облысының барлық уездерінде қыздар
училищесін ашу туралы облыстық басқармаға өтініш
білдірді, бірақ ағартушы-педагогтың бұл арманы тек ол
қайтыс болғаннан кейін ғана жүзеге асты: ондай училище
Торғай қаласында 1891 ж., Қостанай қаласында 1893 ж.,
Қарабұтақ поселкесінде 1895 ж., Ақтөбеде 1896 ж. ашылды.
Алтынсариннің ұсынысы бойынша 1888 ж. 10 сәуірде
Ор қаласында мұғалімдер мектебі ашылып, оған Торғай,
Ырғыз орыс-қазақ училищелерін өте жақсы бітіргендер
Ыбырай Алтынсарин мазары.
1960-шы жылдардағы реконструкция
Мазар Ибрая Алтынсарина. Реконструкция 1960-х годов
Ыбырай Алтынсарин мазарына
тәуәп етушілер үзділмейді
К мазару Ибрая Алтынсарина
не прерывается поток паломников
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
24. Могила Ибрая Алтынсарина