337
Қыш ыдыс. Мичурино көне тұрағы. Орта неолит
Керамический сосуд. Стоянка Мичурино. Средний неолит
қонысындағы жер қабаттары жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Олар үш мәдени көкжиектен көрініс берді және Солтүстік-
Шығыс Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ Солтүстік және
Орталық Қазақстанның неолит дәуіріндегі мәдениетінің
барлық негізгі даму кезеңдерін көрсетіп берді.
3 Шідерті қонысының үшінші мәдени қабатынан
шыққан материалдар ерте неолит дәуірінің (б. з. д. VI мың-
жылдық) мұраларына жатады, олар – тас өнеркәсібінде
пайдаланылған ұсақ түйіршікті палеогендік микро-кварцтар.
Оларға жалпақтығы орташа 1 см-ге дейін жететін нәзік пла-
стина тәрізді тастар шығарып алуға арналған конус тәрізді
тастар сипаты тән. Осы сындырылған пластина тәрізді тастар-
дан бұйымның негізгі бөлігі жасалды. Олар сүйек қанжар
мен найзаны ауыстыратын екінші жағы доғалданған әртүрлі
пластина-тастар, ассимметриялық биік трапециялар, үшкір
тастар, тескіштер, ұңғылар, пышақтар, қырғылар мен
бүйірлей қырнайтын қырнауыштар, сондай-ақ жоңқалап
қырғыш немесе ұшында және бүйірінде жүзі бар ірі және
орташа жоңғылар. Алғашқы ірі құралдар – балта, бүйірінде
тесігі бар кетпен, жоңғы, шаппашот, егеу арқылы тегістейтін
тегістегіш шыға бастайды. Бетінде өрнегі жоқ, қара түсті,
құм мен ұсақ тастардан түзілген қыштың дөңгелек түбінің
қалдығы табылды. Алғашқы қауымдық құрылыс өнеріне тән
заттар кездеседі, малта тастардан және бояумен боялған
қалыптардан жасалған мүсін үлгілері ұшырасады. Тұтастай
алғанда, өнеркәсібі Солтүстік Қазақстан ескерткіштеріне
ұқсас, кейбіреуі далалық Алтай мен Ортаазиялық қос өзен
аралығының материалдарына ұқсайды.
Орта неолит (б. з. д. V мыңжылдықтың ортасы мен
екінші жартысы) материалдары 2а қонысынан шығып,
барлық осыған ұқсас кешендерде пайдаланылған ашық сұр
яшма тәрізді кварциттен жасалған микропластина өндіріс
бұйымдарын ұсынды. Олар: ұқыпты түрде өңделген конус
тәрізді пластина-тас және ұшы мен доғал жағы, кейде екі
жақ жаны да өңделген ұзындығы 1,5–3 см болатын көп
мөлшердегі микропластина тастары, пластина түріндегі
жебенің ұштығы және ойық түрінде келген жоңқалап
қырғыш пен жоңқалап қырнағыш. Өндіріс ерекшелігі
пластинка-тастың ұшын арнайы өңдеу арқылы істелген
арнаулы кескіштер жасау болып табылады. Кескіштердің
бұл типі – осы жер қабатынан шыққан бұйымдарға ғана
тән сипатты белгі және бұлар пластина тәрізді тас жебе
ұштықтарымен бірге кейде осы өңірде болған дамыған не-
олит дәуірі мәдениетінің белгісі ретінде де қарастырылады.
Мұндай бұйымдар басқа 1 Нұрымбет, 1 Мичурино, Борлы
Қыш ыдыс сынығы. 2 Мичурино көне тұрағы. Орта неолит
Фрагмент керамического сосуда. Стоянка Мичурино 2.
Средний неолит
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
29. Неолит Северо-Восточного Казахстана
I...,327,328,329,330,331,332,333,334,335,336 338,339,340,341,342,343,344,345,346,347,...586