327
еликтік қарағай орманы және көсіліп
жатқан кең дала, Тобыл өзенінің бүлкілдеп
соққан күретамыры және даланың шағын
бұлақтары – қарасу, бес мың көл, тау
үстірттері, жебе тәрізді Торғай иінінің кең
алқабын қиып өтетін қазақтың осынау шағын-шағын
төбе-шоқылары. Қостанай облысы ландшафтының алу-
ан түрлілігі осындай. Осы алуан түрлілік тұтаса келіп, бір
кезде мұнда өмір сүргендердің көне мәдениеті де жан-
жақты дамуына ықпал етті. Табиғаттың бай сыйы бұл
аумақты арғы ата-бабаларымыздың тас дәуіріндегі аңшы-
балықшылардың, қола дәуіріндегі малшылардың, темір
дәуірі мен ортағасырлардағы көшпенділердің орталығы
етті. Торғайдағы адамдардың алғашқы тұрақтарын зерттеу
барысында айрықша терсек-қарағай (Наурызым қорығы
аумағындағы Терсек-Қарағай тұрағының аты бойынша)
мәдениетін, тас ғасырының аяғындағы (б. з. д. V–III мың-
жылдықтар) еуразия мәдениеттері арасынан бөліп көрсету
туралы сұрақ туды. Бұл кезең энеолит дәуірі деп аталады
және адамдардың бірінші болып еңбек құралдарын жасау
үшін металл қолданғанымен сипатталады. Палеометалл
дәуірі дейтін басқа да анықтама кездеседі.
Энеолит дәуіріне қарай адамдар дала табиғатына –
экология құшағына бауыр баса бастағаны белгілі. Ол тас
пен сүйек өңдеуді толық меңгерді, өндірістік-шаруашылық
керек-жарақ түрлерін едәуір молайтты. Қола құралдар аз
болды, оның есесіне саздан ыдыстар әзірлеу биік деңгейге
көтерілді. Осы кезеңнің дымқыл климаты далада мал
шаруашылығын дамытуға өте қолайлы жағдай жасады.
Өзен, көл жағаларында, бастау-суларға жақын орналасқан
көне терсектіктер Торғай иініндегі су айырығын жақсы
меңгере алған. Маусымдық көшіп-қонулар жылдың
белгілі бір кезеңінде белгілі бір жерде қоныстанып оты-
Р
еликтовые сосновые леса и гладь степно-
го простора, мощная артерия реки Тобол и
мелкие степные речушки-карасу, пять тысяч
озер и горные плато, Казахский мелкосопоч-
ник и, как стрела, переходящий в равнинную
ширь Тургайский прогиб. Такова многоликость ландшафтов
Костанайской области, соединение которых обусловило и
разнообразие существовавших здесь в свое время древних
культур. Богатство природных даров сделало эту территорию
центром притяжения для наших прапрапредков – охотни-
ков-рыболовов каменного века, скотоводов бронзового века,
кочевников эпохи железа и средневековья. И не удивитель-
но, что в процессе изучения первых человеческих стоянок
в Тургае был поставлен вопрос о выделении особой терсек-
карагайской (по имени стоянки Терсек-Карагай на терри-
тории Наурзумского заповедника) культуры среди культур
евразийской степи конца каменного века (V–III тыс. до н. э.).
Период этот называется энеолитом, и характерен он тем, что
Р
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
28. Энеолит Тургая
Құмкешу ауылындағы Торғай өзені
Река Торгай у поселка Кумкешу
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
28. Торғай энеолиті
I...,317,318,319,320,321,322,323,324,325,326 328,329,330,331,332,333,334,335,336,337,...586