363
2 Григорьевка қорымы. Шұңқыр типтес қабір.
Ерте қола дәуірі
Могильник Григорьевка 2. Погребение ямного типа.
Ранняя бронза
Ерте қола дәуірі ескерткіштерінің екінші бір то-
бы қорған астындағы қазылған шұңқырға адамды сол жақ
бүйірімен жатқызып жерлеуден көрінеді. Бұл ескерткіштерді
қалдырғандар жерлеу салт-жорасында отты кеңінен
пайдаланғаны байқалады. Шідерті 10 қорымында моланың
қабырғалары қатты күйдірілгені, қорғанның тас үйіндісінің
астынан ағаш көмірлерінің қалдықтары табылғаны тіркелді,
яғни моланы отпен аластап тазарту адамды жерлеу алдында
тура бейіттің ішінде жасалған, ал жерлеуден кейін қорғанның
топырақ үйіндісінің үстінде жасалған. Жерлеу шұңқырында
сондай-ақ жерлеу тамақтарынан қалған көп мөлшердегі
жануарлардың сүйектері, қола пышақ сынықтары, жебенің
тас ұштығы және өзен ұлуларынан жасалған әшекей седеп
шыққаны тіркелді. Қорғанның шығыс жағынан ұсақ және
ірі қара малдардың сүйектері, тас қырнауыштар, тас төс,
жылқының сүйегінен жасалған тескіш, сынған жапсырма
валикті, банка пішінді үлкен ыдыс қалдықтары кездескен
құрбандық шалу орны болған.
Осында, батысқа қарай 150 м жерде, шоқының
беткейін осы зиратты қалдырған адамдар қоныстанған.
2008 ж. жүргізілген қазба жұмыстары жүзден астам жоғарыда
аталғандарға ұқсас тас ошақтың ішіне тасталған қыштар,
сонымен қатар тас кетпен, шыбықшадан жасалған жебе
ұштықтары, шақпақтас отшептерінен жасалған қырғыштар
мен пышақтар табуға мүмкіндік берді. Жерлеу орындары мен
қоныстардан табылған бұл материалдарды б. з. д. XХIII–
XVII ғғ. жатқызылған елуниндік археологиялық мәдениет
ескерткіштерімен салыстыруға болады. Бұл кезде олар Об-
Ертіс өзен аралығы үшін типтік құбылыс еді, алайда Қазақ
ұсақ шоқылары аймағында алғаш рет көрініс берді.
Елуниндік мәдениетті жасаған тайпалар Омбыдан
Шығыс Қазақстанға дейін созылып жатқан Ертістің оң жақ
жағасын бойлай орын тепкен көптеген уақытша қоныстар
қалдырды. Осы кең өлкеде олар артына қола құралдар
және металл тілімнен жасалған көркемдік бұйым үлгілерін
қалдырған Байкалдан Жайық маңы мен Еділ маңына дейінгі
орманды және орманды дала зонасын мекендеген малшы-
лар мен металл өңдеушілердің турбиндік-сеймендік мәдени
дәстүрімен тығыз байланысты болды.
Орталық Азиядан тараған мыс пен қалайының мол
қоры Шығыс Қазақстан арқылы солтүстік-батысқа жетті.
Қазірше бұл жерден зираттар мен қоныстар табылған
жоқ, бірақ турбиндік-сейминдік типтегі қоладан жасалған
балталар, найзалар мен қанжарлар көптеп кездесетіні
белгілі. «Турбиндік-сейминдіктердің» Ертіс аңғары бойын-
10 Шідерті қорғаны. Құрбандық орнынан алынған қыш ыдыс.
Ерте қола дәуірі
Курган Шидерты 10. Керамический сосуд из жертвенника.
Ранняя бронза
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
32. Энеолит и ранняя бронза Северной Сарыарки
I...,353,354,355,356,357,358,359,360,361,362 364,365,366,367,368,369,370,371,372,373,...586