520
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
1. Кенді Алтай
48. Ұлытау тарихи өңірі
Семен Ремезовтың «Чертеж земли Тобольского города» картасы
және ондағы Ұлытау тауларының (ортасында) көрінісі. 1701 жыл
Карта Семена Ремезова «Чертеж земли Тобольского города» и ее
фрагмент с горами Улытау (в центре). 1701 год
үлкен ұлы Жошы таза ауасы мен суын, шүйгінді жайылымда-
рын көргенде Қыпшақ жерін жұмаққа теңепті. Одан соң бір
жарым ғасырдан аса уақыт өткенде, «Тоқтамыс ханның ба-
сын алу» үшін жорыққа шыққан айбынды Ақсақ Темір Ұлытау
өлкесінің ғажайып көрінісіне тәнті болып, әскерін демалдырған
және «адамдар ризашылықпен еске алып жүруі үшін» ескерткіш
белгі қойып, оған өзінің осы жерде болғаны туралы жазып
қоюды бұйырған.
Ұлытауда ерекше табиғи әсем жерлер кездеседі, осы
жерде суда жүзетін құстардың көші-қон жолдары өтеді, си-
рек кездесетін жануарлар мен өсімдік түрлері мол. Әрине,
мұндай берекелі жер көне заманнан бері адамды да өзіне
тартқан. Ұлытау, нақты айтқанда Ұлытау-Жезқазған мәдени
өңірі көптеген әртүрлі табиғи, тарихи және археологиялық
ескерткіштердің басын қосады. Ерте палеолиттің (ашель)
ең көне ескірткіштерінің біріне Жезді өзеніндегі Оба-
лысай тұрағы жатады. Дүзен кесенесінің маңындағы тас
дәуіріндегі шеберхана жете зерттелген нысан болып табы-
I...,510,511,512,513,514,515,516,517,518,519 521,522,523,524,525,526,527,528,529,530,...586