168
әктастары бар. Күңгірт сұр әктас қабаттары көлбеу жатыр,
яғни олар моноклинальді қосылыс болып табылады. Олар
палеозойдың аяғында тау түзілу үрдісі кезінде үгіліп, кейін
бүліну үрдістерінде кесіліп, жазыққа айналған. Кайнозой-
да олардың тегістелген бетіне борпылдақ неогенді және
төменгі төрттік шөгінділердің көлденең қабаттарымен
жабылған. Оларда кейде ежелгі жануарлардың қалдықтары
да табылып қалады, олардың ішінде кеміргіштер, ежелгі
пілдер, жылқылар, антилопалардың сүйектері мен түйеқұс
жұмыртқаларының фрагменттерін айтып өтуге бола-
ды. Тектоникалық омырылу «тірі», өйткені бөліктің сол
қанаты бүгінгі күнде де көтерілуін жалғастыруда, бұған осы
жерлердегі ірі жерсілкіністері дәлел бола алады.
Көртоғай шатқалы ағысты бойлай еңістегенде өзінің
кескін-келбетін күрт өзгертеді. Өзен Жалаңаш ойысын
артқа тастап, Торайғыр тау жотасының шығыс сілемдеріне
сүңгіп кетеді. Мұнда ол қалың жынысты жартасты тіліп
ағады. Тереңдігі 300 м дейін жететін ол шамамен сегіз
километрге созылады. Шарын одан ағып шығып, Іленің
кең ойпатына қарай ойысады және кайнозой қабатын тағы
да тереңдеп тіліп ағады. Мұнда шатқалдың келесі бөлігі –
Мойынтоғай жатыр. Ол Торайғыр тауының солтүстік етегінен
бастап Шарынға оң жақтан келіп қосылатын Темірлік
өзенінің сағасына дейін созылады. Шарын қия жартасты
шатқалдан шыққан жерден бастап терең жыра – «Қамалдар
алқабы» ашылады. Туристердің барынша көп келетінжері – осы
тұс. Осы терең жарлы сайдың қаптал-беткейлерін жаңбыр суы
мен қатты жел мүжіп, қираған қорғандарды, адамдар мен
жануар пішінін еске түсіретін ғажайып қия-жартастарды
сомдаған.
Негізінен сазды-әктас жынысын көрсететін көл
шөгінділерінің ақшыл линзалары да көзге ерекше түседі.
Аңғардың оң жиегін бойлай қоңыр сұр жартастар айқын
көрінеді. Аңғардың бұл арадағы тереңдігі 200 метрге жетеді.
Сай табанында сексеуіл, шеңгел, қараған, түйесіңір, қылша
секіді шөлейт жерлерге тән ағаштар мен бұталар өседі.
Түйесіңір – майда жапырақты тікенді аласа бұта. Көктемде
оның ақ-күлгін гүлдері бал иісіне ұқсас иіс шығарады. Ша-
рын жағасында тораңғы, тал, жиде, үйеңкі және аса қалың
бұталар – сарыағаш, бүрген (долана), тобылғы, үшқат,
жыңғыл, итмұрын және тағы да басқа өсімдіктер кезедеседі.
Темірлік сағасынан төменгі бөлігіндегі Шарын
шатқалын Сарытоғай деп атайды. Мұнда аңғар кеңейе
түседі және өзен суы неоген мен төрттік кезеңнің шөгінді
қабатын жүз метр тереңдікте кесіп өткен.
т. е. они имеют моноклинальное сложение. Они были смяты
горообразовательными процессами в конце палеозоя, а затем
срезаны разрушительными процессами и превращены в рав-
нину. На их выравненную поверхность в кайнозое легли го-
ризонтальные слои рыхлообломочных неогеновых и нижне-
четвертичных отложений. В них иногда встречаются останки
древних животных, среди которых отметим грызунов, кости
древних слонов, лошадей, антилоп и фрагменты яиц страусов.
Тектонический разлом «живой», т. е. левое крыло блока и в на-
ши дни продолжает подниматься о чем свидетельствуют частые
и крупные землетрясения в этих местах.
Урочище Куртогай вниз по течению резко меняет
свой облик. Река покидает Жаланашскую впадину и вреза-
ется в восточный отрог хребта Торайгыр. Здесь она течет в
диком скалистом ущелье. Глубиной до 300 м, оно протягива-
ется примерно на 8 км. Из него Чарын выходит на просторы
Илийской впадины и снова глубоко врезается в кайнозой-
ские отложения. Здесь находится другой участок каньона –
Мойынтогай, который простирается от северно го подножья
Торайгыра до места впадения в Чарын его последнего право-
го притока – Темирлика. В том месте, где Чарын выходит из
глубокого скалистого ущелья, открывается глубокий овраг
– «Долина замков», которая наиболее часто посещается ту-
ристами. По бортам этого глубочайшего оврага временные
водные потоки и сильные ветры изваяли причудливые скалы,
напоминающие развалины замков, фигуры людей и живот-
ных.
Обращают на себя внимание и белесые линзы озер-
ных отложений, представленные в основном глинисто-из-
вестковой породой. А по правому борту долины хорошо вид-
ны темные скальные породы. Особенно в месте ее выхода
к Чарыну, где глубина ее достигает 200 м. На дне сая произ-
растают деревья и кустарники пустынь – саксаул, чингиль
(шенгел), карагана (караган), курчавка (тюйесинир), эфедра
(кылша). Курчавка – колючий низкорослый кустарник с
мелкими листьями. Весной его бело-розовые цветочки ис-
точают сильный медовый запах. По берегам Чарына встре-
чается туранга, или тополь разнолистный, ива, лох (жиде),
клен Семенова и многочисленные кустарники – барбарис
илийский (сарыагаш), облепиха (долана), таволга (тобылгы),
жимолость (ушкат), тамарикс, или гребенщик (жынгыл), ши-
повник (итмурын) и др.
Ниже устья Темирлика каньон Чарына называют Са-
рытогай. Он становится шире и врезается в неогеновые и
четвертичные отложения на глубину 100 м.
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындары атласы
1. Кенді Алтай
ның атласы
67. Шарын ш тқалы