158
фотосуретте бүгінде жекелеген таңбалары ғана сақталып
қалған қалмақтың «анық жазуымен» жазылған «Оқытушы
Зам жазды» мәтінімен төрт жол, тибет жазуымен жазылған
үш жол жазуы бар жазық тас беті көрінеді. Олардың
біреуінің үстінде қырып жазылған «Марковъ» деген жа-
зу анық көрінеді, бұл – XIX ғ. аяғында Кеген арасанына
келушілердің біреуі қалдырған автограф. Жазу астында
сызба түрінде бірнеше жануардың бейнесі бар.
Арасан жартастарында жазуы бар барлығы жеті
жазық бет тіркелді. Үшеуінде моңғол жазуымен жазылған
эпиграфиялық мәтіндер берілген. Қалғандары – 20 рет
қайталанатын жалбарыну: «ом-мани-пад-ме-хум». Бұл тибет
жазуының үстіңгі екі қайталанған таңба-белгілері моңғол жа-
зуынан бұрын жазылған. Өкінішке қарай, тігінен жазылған
жеті не сегіз жолдың басын біріктіретін ең ірі мәтін қатты
бүлінген, оның ішінде олардың үстіндегі тибет мантры да
бар. Кеген арасанының жазулары әр кезеңдерде жазылғанға
ұқсайды.
Бұл тәрізді ескерткіштер Жетісуда аз емес; олар
кезінде жоңғар билігінің құрамына кірген – Ыстықкөл
қазаншұңқырынан бастап Тарбағатай тауларына дейінгі
кең аумақта кездеседі. Кеген аңғарында шағын ғана лама
пұтханасы – арасанның пайда болуы мен қызмет атқаруы
Іле өзенінің сол жағасы мен шығыс Ыстықкөл аралығына
жоңғарлар билік жүргізгені жөніндегі тарихи мәліметтер
негізінде дәлелденді.
XVII ғ. ортасындағы кескілескен ұрыстар бары-
сында ойраттар Ұлы жүз қазақтары мен тянь-шаньдық
қырғыздарды бұл жерлерден ығыстырып, 1660 ж. өз
көштерін Іле мен Қырғыз Алатауларына қарай асырды.
XVII ғ. 90-шы жж. аяғында Жоңғар басқыншылығы өз иелігін
оңтүстік Қазақстан мен Ферғана аңғарына қарай кеңейткенде
Сыбан-Рабдан ордасын Оңтүстік Тарбағатай мен Жоңғар
Алатауынан Іленің жоғарғы ағысына, Шарынның құйылысы
мен Қорғасқа, сондай-ақ Текес өзенінің аңғарына көшірді.
Сол кезден бастап ойрат-ламалар биік тау алқаптары Кеген,
Қарқара, Текес және Ыстықкөлдің шығыс жағалауына жаппай
қоныстана бастайды. Суару жүйелері, бекіністер, храмдар мен
пұтханалар (сумэ немесе сүмбе) салу құрылыстарымен қатар
қазірдің өзінде іздері кездесіп қалып жататын Кеген араса-
ны сияқты адам қолымен жасалмаған ғибадатханалар пай-
да болды.
XVII ғ. аяғы мен XVIII ғ. бірінші жартысында қызмет
атқарған оның ерте кезеңіне қалмақтардың «анық жазуымен»
жазылған мәтіндер және далай-ламаның кейпіне енетін, бүкіл
С этого времени начинается активное заселение ойратами-
ламаистами высокогорных долин Кегена, Каркары, Текеса
и восточного побережья Иссык-Куля. Наряду со строитель-
ством оросительных сооружений, крепостей, храмов и мо-
настырей (сумэ, или сумбе), следы которых существуют
здесь и поныне, возникали нерукотворные святилища, по-
добные Кегенскому арасану.
К раннему этапу его функционирования в конце XVII –
первой половине XVIII в. могут относиться тексты, выпол-
ненные «ясным письмом» ойратов, и часть тибетских ше-
стисложных мантр, обращенных к Авалокитешваре – бод-
хисаттве, олицетворяемым далай-ламой и воплощающим
бесконечное сострадание, мольбу перед буддами о заботе и
Тибеттік жазбамен көмескіленген ойрат жазуының
ірі мәтіні салынған жартас
Скала с крупным текстом ойратского письма,
перекрытым тибетской надписью
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
66. Кеген арасаны