419
азіргі кезеңге дейін жеткен Қазақстан
а ума ғында ғы ислам архит ек т ура сы
ескерткіштерінің ішіндегі ең байырғысы Тараз
қаласынан батысқа қарай 20 шақырым жер-
де тұрған, Жамбыл облысына қарасты Айша
бибі ауылындағы (бұрынғы Головачевка) Айша
бибі мен Бабажы қатын кесенелері. Зерттеушілердің көпшілігі
бұл ескерткіштерді Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік
өңірінде ХІ
ХІІ ғғ. өмір сүріп, ислам дінін мемлекет дініне
айналдырған түрік әулеті – Қарахандар дәуірінің ескерткіші
деп санайды. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. бас кезіндегі фотосуреттерге
қарағанда, бүгінде ізі жойылып кеткен Қарахан кесенесі де осы
кезеңге жатады (оның орнына ХХ ғ. басында Тараз қаласының
орталығында өзімен аттас кесене тұрғызылған). Дей тұрғанмен
ескерткіштердің үшеуінде де ІХ
Х ғғ. Мауераннаһрдың ерте
ислам сәулет өнерінің ықпалы байқалады, сондай-ақ Үзгеннің
(Қырғызстан) қарахандық мәшһүр кесенелерімен ұқсас,
бірақ әр ескерткіштің өзіне ғана тән дара белгілері де алыс-
тан көзге түседі. Архитектуралық композициясы мен әрленуі
тұрғысынан алғанда үш кесенеде елеулі айырмашылықтар бар.
Қазақстандағы мемориалдық ескерткіштер жөнінде белгілі
маман-зерттеуші Е. М. Бәйтенов бұл айырмашылықтарды
Қарахандар мемлекетінің билеушілеріне, ақсүйектері мен
діндар тұлғаларына арналған кесене тұрғызу дәстүрінің енді
ғана қалыптаса бастағандығынан көреді, яғни бұл – ислами
архитектура әліппесін қабылдап жатқан Қарахан дәуірінің
алғашқы сатысында тұрақты қалыптасып, дәстүрге айналған
діни құрылыс жүйесі бола қойған жоқ деген сөз. Ғалымның
пікірінше, бұлар тек Қазақстан аумағында ғана емес, бүкіл
Орталық Азиядағы ең байырғы ескерткіштер болып табылады.
Ықылым ғасырлардан сыр шертетін кесенелер әртүрлі
ғылыми зерттеулердің көздеген нысанына айналғанына
қаншама жылдар өтті. Соның ішінде аты аңызға айналған Айша
Қ
амые ранние из дошедших до нас памятни-
ков исламской архитектуры на территории
Казахстана – мавзолеи Айша-биби и Бабад-
жи-хатун в селе Айшабиби (бывш. Головачев-
ка) в Жамбылской области, в 20 км к западу
от города Тараза. Большинство исследовате-
лей относит их к эпохе Караханидов – тюркской династии,
правившей на территории Средней Азии и южного региона
Казахстана в XI–XII вв. и принявшей ислам как государст-
венную религию. Этому же времени, судя по фотографиям
конца XIX и начала XX в., принадлежал и несохранившийся
мавзолей Карахана (на его месте в начале XX в. был постро-
ен ныне существующий одноименный мавзолей в центре
города Тараза). Хотя в облике всех трех памятников явно
прослеживаются как признаки влияния ранней исламской
С
Қалпына келтірілген Айша бибі
(ХІІ ғасыр, алдыңғы көріністе) және Бабажы қатын (ХІ ғасыр)
кесенелері. Оңтүстік-шығыс көрінісі
Мавзолеи Айша-биби (XII век, на первом плане) и Бабаджи-ха-
тун (XI век) после реставрации. Вид с юго-востока
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
87. Средневековые мавзолеи Таласской до ины
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
53. Қалмаққырған тарихи орыны
87. Талас аңғарынд ғы ортағасырлық кесенелер
I...,409,410,411,412,413,414,415,416,417,418 420,421,422,423,424,425,426,427,428,429,...730