421
бибі ескерткішіне айрықша назар аударушылар көп. Ғылы-ми
қауымның назарын ескерткіш алғаш рет ХІХ ғ. аударды. Бүгінгі
қазақ жерінен ілкіде саяхат сапарымен өткен В. А. Каллаур
жергілікті тұрғындар тамсана айтып берген аңызды былай деп
жазады: «Айша бибі Ысмайыл атаның қызы болған. Күндер-дің
күнінде Әулие атаның қасиетті адамы Айша бибіні жар етпекке
бекініп, Ысмайыл атаның рұқсатын алмақ болыпты. Ысмайыл
ата аса ыңғай таныта қоймаса да келісім беріпті. Бірақ қызын
Әулие атаға жібергенде «болашақ күйеудің сүйген жарын көре
алмайтынын» айтқан екен. Ысмайыл атаның айтқаны айдай
келіп, Айша бибі қалаға қарыс қадам қалғанда қаза болып, сонда
жерленіпті». Айша бибі мен Қараханның арасындағы ғажайып
махаббат пен зор сүйіспеншілік туралы, Айша бибінің аяқ
астынан болған ажалы жайлы бұдан да басқа аңыздар белгілі.
Солардың біріне қарағанда қол жетпеген ғашық жарды мәңгі
есте қалдыру үшін Қарахан әулие оның қабірінің үстіне көздің
жауын алатын әсем кесене тұрғызыпты. Ал тарихи Айша бибі
тұлғасы туралы жазба дереккөздерде жарытымды мағлұмат
кездеспейді және кесене астындағы қабірді ғылым бабымен
қазып, археология жүзінде тексерген де ешкім жоқ. Кесене ХІХ
ғ. өзінде-ақ бастапқы кескін-келбетінің басым көпшілігінен ай-
ырылып үлгерді, тек алдыңғы еңселі қасбеті мен ойма өрнекпен
әрленген екі бұрыш діңгегі ғана сырын жоғалтса да сынын
жоғалта қоймаған. Бірақ соған қарамастан, осынау ескерткішті
қазіргі уақытта архитектура ғажайыбы аталып жүрген көптеген
ескерткіштердің ішінен жаңылмай табуға әбден болады.
Зерттеушілердің көпшілігі бұл ескерткіш бастапқыда қырлы
діңгек-мұнаралары бар, төрт беті бірдей әрленген, сыртқы
аумағы 7,2
×
7,2 м шаршы кесене болған деген тоқтамға кел-
ген. Қарахан кезеңінен қалған мұралардың арасында мұндай
ескерткіштер типі ұшыраса қоймайды, тіпті Орталық Азияда
дәл осындай ескерткішті таба алмайсың. Ою-өрнекке аса
бай және алуан түрлі ойма терракоталы тақтатастармен
тұтастай қапталып, әрленуі де бірегей нұсқа деуге болады.
Сақталып қалған жалғыз қабырғаға қарағанда әрбір қасбеттің
орталық элементінде жартылай күмбезді сүйір аркалық ойық
қалдырылған, оның ішкі жағына сәл төменірек есік пен те-
резе орындары қалдырылған. Аркалар үстіңгі жағы лира
тәрізді гүлдесте діңгектерге тіреледі. Е. М. Бәйтенов атап
өткендей, Айша бибі кесенесі композициялық тұрғыдан
Саман әулетінің кесенелерімен (Бұхара, Өзбекстан)
ұқсастығы анық – мұны қасбеттерінің жоғарғы және
төменгі бөліктерге бөлінетіндігінен, аркалық қуыстардың
бесінші деңгейіне дейінгі П тәрізді жақтаулардан және
бұрыштама діңгектерінен көруге болады. Бірақ Саман әулеті
Айша бибі кесенесі. ХІІ ғасыр. Оңтүстік-батыс көрінісі.
1940-шы жылдардағы фотосурет
Мавзолей Айша-биби. XII век. Вид с юго-запада.
Фотография 1940-х годов
известен овеянный легендами мавзолей Айша-биби. Впервые
он привлек внимание исследователей еще в XIX в. В изло-
жении В. А. Каллаура одна из легенд, записанных им тогда
со слов местных жителей, звучит так: «Айша-биби была дочь
Измаил-Ата. Аулиеатинский святой избрал ее своей невестой
и высказал о своем желании Измаилу-Ата. Последний нехо-
тя согласился, послал дочь к Аулие-ата, но при этом сказал,
что жених не увидится с невестой. Так и случилось: Айша-
биби умерла по дороге, в двух шагах от города, где и была
похоронена». Известны и другие варианты легенд об Айша-
биби и Карахане, их взаимной любви и мечтах, которым не
суждено было сбыться из-за трагической смерти Айша-би-
би. Согласно этим легендам, Карахан построил над могилой
своей невесты великолепный мавзолей, чтобы увековечить
память о ней. В письменных источниках сведений о лично-
сти Айша-биби нет, захоронение в мавзолее археологически
не исследовалось. Мавзолей уже в XIX в. имел значительные
утраты, уцелели лишь остатки стен и угловых колонн, покры-
тые сплошным ковром резного декора. Но и в разрушенном
состоянии этот памятник производил то глубокое и неиз-
гладимое впечатление красоты и гармонии, которое позво-
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
87. Средневековые мавзолеи Таласской до ины
I...,411,412,413,414,415,416,417,418,419,420 422,423,424,425,426,427,428,429,430,431,...730