431
Тараз қаласының аясындағы ХХ ғасырдың аяғы – ХХІ ғасырдың
басындағы Тектұрмас дөңесінде орналасқан кесенелер
Бугор Тектурмас с мавзолеями конца XX – начала XXI века
на фоне современного Тараза
«жомарттық пен ізгіліктің қайнары», «қылыш пен қаламның
иесі», «ғалымдардың жебеушісі» деген сөздер де кездеседі.
Зерттеушілер XIV ғ. ескерткіші қатарына қосып
жүрген осы дәуірдің тағы бір кесенесі бар. Оның тек іргетас
іздері мен ескі бейнесін көрсететін көне фотосуреттер ғана
қалған. Талас өзенінің оң жағында, Тараз қаласының оңтүстік-
шығыс жағындағы Тектұрмас адырының төбесінде тұрған бұл
ескерткіш, композициясы күмбезді-үшкілді типте салынғаны
және осы адырдағы қорым ішінде ең ірі құрылыс болғаны
байқалады. Мерзімі туралы айтар болсақ, ХХ ғ. бас кезінде
түсірілген фотосуреттерде көрсетілген архитектуралық
ерекшеліктеріне қарағанда, оның XIV ғ. салынып, бүгінге жет-
кен белгілі ескерткіштердің барлығынан да композициялық
тұрғыдан да, кейбір қалыптары бойынша да елеулі
айырмашылығы бар екендігі көрінеді. Осы төңіректі мұқият
зерттеп шыққан археологтар Тектұрмас адырында ислам
діні келгенге дейін көп уақыт бұрын, сонау уақытта-ақ ежелгі
ғұрыптық құлшылық орындардың бірі болған деген тұжырымға
келді. Бұл әулиелі орын жөнінде кесенеге қатысы жоқ аңыздар
да жеткілікті. Қазіргі уақытта ортағасырлық қорым орнына
зиярат етіп келушілерге қызмет көрсететін ғұрыптық кешен
салынған. Ал ортағасырлық Тектұрмас кесенесінің іргетасына
жаңа заманғы күмбезді кесене тұрғызылған. Биік жартастың
ең шеткі жағына орналасқан жаңа кесене алыстан көзге түседі.
Әуел бастағы түпнұсқаға ұқсар-ұқсамас, бірақ қалай болғанда да
тарихи орынның бір белгісіндей болып тұрғаны анық.
связанные с мавзолеем. Ныне на территории средневеково-
го некрополя построен комплекс зданий паломнического
центра. На фундаментах средневекового мавзолея Тектурмас
возведен современный купольный мавзолей. Расположенный
на самом краю высокого утеса, новый мавзолей заметен из-
далека, и хотя он мало напоминает оригинал, но заменяет
его в роли важной зрительной доминанты этой местности.
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
87. Средневековые мавзолеи Таласской до ины